
Іс-шараны Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен Бас серіктесі — Eurasian Resources Group (ERG) қолдады.
«Алтын Гефест» саланың ең беделді іс-шараларының бірі болып саналады және ТМК мамандары үшін республикалық деңгейдегі ең құрметті марапат болып саналады. 15-ші мерейтойлық байқау Қазақстанда Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өтіп жатыр, бұл іс-шараға ерекше маңыз береді. Ел үшін еңбек, шеберлік және инженерлік ойдың маңыздылығын атап өту аса маңызды кезеңде, «Алтын Гефест» ТМК мамандарының — отандық индустрияның негізін қалаушылардың жетістіктерін мойындаудың жарқын символына айналды. Байқау тек көрнекті мамандарды марапаттап қана қоймай, сонымен қатар жаңа ұрпақтарды еңбек мамандықтарын таңдауға, олардың беделі мен болашағын көруге шабыттандырады.
Салтанатты марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары Альберт Павлович Рау, ҚР Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбекұлы Сапарбеков, Eurasian Resources Group-тың Қазақстандағы қаржы жөніндегі бас директорының орынбасары Данияр Равшанұлы Рахматуллаев қатысты.
«Алтын Гефест» байқауы тау-кен-металлургия саласындағы жылдың басты кәсіби іс-шарасы болып қала береді. Бұл жай ғана марапат емес — бұл жоғары біліктілік, еңбекқорлық және кәсіпке адалдықтың мойындалуы. Биылғы жылы рәсім тағы да саланың ең үздік өкілдерін жинады: геологтар, кеншілер, металлургтер, педагогтар, инженерлер және басқарушылар.
Өткен жылдар бойы байқауға 1 957 өтінім берілді, бұл жыл да ерекшелік болмады, тәуелсіз қазылар алқасына өз таңдауын жасау оңай болған жоқ. Қатысушылар кәсіпорын ұжымдары тарапынан да, өзін-өзі ұсыну арқылы да ұсынылды, бұл қатысуды барынша ашық және инклюзивті етті.
Салалық қауымдастықтар мен Министрліктің тәуелсіз сарапшыларынан құралған қазылар алқасы барлық өтінімдерді қарап, 15 номинация бойынша жеңімпаздарды анықтады. Әрбір жеңімпаз өз кәсібилігін, қажырлы еңбегін және жоғары біліктілігін көрсетті. Байқау тарихында алғаш рет «Жыл кәсіпқойы. ТМК саласындағы әйелдер» номинациясында бірден екі жеңімпаз марапатталды, олардың әрқайсысы өз кәсіпорындарының және бүкіл саланың дамуына елеулі үлес қосып, көрнекті кәсіби жетістіктерге жетті. 2025 жылғы «Алтын Гефест» байқауының жеңімпаздары:
- «Жыл кәсіпқойы. Жыл геологы» – Марат Жакупұлы Битимбаев, бас ғылыми қызметкер, Қ.И.Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты;
- «Жыл кәсіпқойы. Жыл тау-кеншісі» – Петрунин Сергей Александрович, тау-кен учаскесінің бастығы, «Варварин» акционерлік қоғамы;
- «Жыл кәсіпқойы. Жыл кеншісі» – Тимур Құмарбекұлы Серікпаев, Үңгуші (тазарту кенжарының тау-кен жұмысшысы), «Шығыстүстімет» ЖШС;
- «Жыл кәсіпқойы. Жыл байытушы маманы» – Бауыржан Болатұлы Қожабеков, «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС байыту басқармасының тау-кен байыту кешенінің бас байытушысы;
- «Жыл кәсіпқойы. Жыл металлургі» – Елдос Мұратұлы Жұмабеков, Алюминий электролизі цехының электролиз сериясы бойынша ауысым шебері, «Қазақстан электролиз зауыты» АҚ (ҚЭЗ), Eurasian Resources Group құрамына кіреді;
- «Жыл кәсіпқойы. ТМК саласындағы әйелдер» – Зәуре Ғалымқызы Зәуірбекова, Басқарма мүшесі – Қаржы және стратегиялық даму жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары, «Qarmet» АҚ;
- «Жыл кәсіпқойы. ТМК саласындағы әйелдер» – Алексеева Светлана Сергеевна, Коммерциялық директор, «Maker» ЖШС;
- «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» – KAZ Minerals тобы
Семей қаласында 1200 орындық жалпы білім беретін IT-мектеп-лицейінің құрылысы және жабдықталуы;
- «Өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша жыл көшбасшысы» – «Kazzinc» ЖШС, OneApp кешенді платформасы;
- «Үздік ESG стратегиясы» – Solidcore Resources plc,
Solidcore Resources plc компаниясының кешенді ұзақмерзімді ESG стратегиясы;
- «ТМК саласындағы үздік digital-шешім» (байқаудың Бас серіктесі ERG компаниясынан арнайы номинация) – «Qarmet» АҚ, Көмір департаментінің диспетчерлік-талдау орталығы және персонал мен техниканы позициялау интеграцияланған жүйесі;
- «Жыл тәлімгері» – Күлкен Тұрғанқызы Дағилова, Флотатор, «KAZ Minerals Aktogay» ЖШС;
- «Жыл педагогі» – Кузьмин Сергей Львович, Металлургия және тау-кен ісі жоғары мектебінің деканы, техникалық ғылымдар кандидаты, «Рудный индустриялық институты» КЕАҚ;
- «Жылдың үздік дипломдық жұмысы» – Асылбек Серікұлы Ғизатов, дипломдық жұмысы: «Қазақстан Республикасында еңбек нарығының тоқырауын болдырмау және орнықты дамуды қамтамасыз ету мақсатында экономиканың негізгі секторларындағы тиімділікті болжау моделін әзірлеу»;
- «Жыл медиа жобасы – ТМК туралы баспасөз бен интернет-қорындағы ең үздік журналистік жұмыс» – KURSIV MEDIA, шығармашылық топ: Дмитрий Билык (бас продюсер), Гаухар Алдибекова (автор), Фролов Станислав (оператор-қоюшы). Жоба атауы: «Мыс үшін төленетін баға: қазақстандық шахтерлер қалай өмір сүреді және жұмыс істейді»;
- «Жыл медиа жобасы – ТМК туралы ТВ-дағы ең үздік журналистік жұмыс» – Ветлугин Вячеслав Юрьевич, «Хабар» агенттігі» АҚ, «24KZ» телеарнасы. «24KZ» телеарнасының меншікті тілшісі, материалы: «Қазақстанда литий кен орындарын іздеу және оның қорларын бағалау».
Сала дамуына қосқан үлесі мен көп жылғы табанды еңбегі үшін ерекше марапатқа өндіріс ардагері, кәсібилігімен танылған маман — Мұқанов Төлеген Мұқанұлы ие болды. Ол — «Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы» атқарушы директорының бірінші орынбасары, құрметті кенші, Ұлттық ғылыми кеңестің мүшесі, Халықаралық инженерлік академияның академигі.
Сондай-ақ саладағы еңбектері үшін төрт кәсіби маман — Қ. М. Жанабеков («Шығыстүстімет»), Д. С. Укібаев («Қазақмыс корпорациясы» ЖШС), А. Т. Қадырқұлова («Казцинк-ТемирТранс» ЖШС) — ТМК саласының құрметті маманы ретінде ерекше мемлекеттік марапат — «Еңбек даңқы» төсбелгісімен марапатталды. Салтанатты кеш аясында бұл марапаттарды оларға Тау-кен өндіру және тау-кен металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығының атқарушы директоры Николай Владимирович Радостовец пен Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия саласы қызметкерлері кәсіподағының төрағасы Асылбек Жамашұлы Нұралин табыстады.
Кештің ұмытылмас атмосферасын құрғандар: «Астана Балет» театрының әртістері, Eurasian Resources Group кәсіпорындары қызметкерлері дайындаған музыкалық қойылымдар және кештің хедлайнері — ALEM.
«Алтын Гефест» — бұл жай ғана марапат емес. Бұл — адам еңбегін, инженерлік ойды және корпоративтік жауапкершілікті мойындаудың нышаны. Жұмысшы мамандықтар жылы аясында өткізілген мерейтойлық шара ТМК саласы кәсіптерінің сұранысқа ие, құрметті әрі болашағы зор екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бұл саланың мамандары — индустриялық Қазақстанның нағыз қаһармандары.
«Алтын Гефест» байқауы тау-кен металлургия АММ Конгресі аясында өткізіледі. Іс-шараның ұйымдастырушылары — Қазақстандық Iteca көрме компаниясы және оның халықаралық серіктесі ICA Events компаниялар тобы.
Конкурс «Золотой Гефест» проводится в рамках горно-металлургического Конгресса АММ. Организаторы мероприятия - Казахстанская выставочная компания Iteca и ее международный партнер Группа Компаний ICA Events.