Номинациялар сипаттамасы және бағалау өлшемдері
Қатысуға шақырылады:
Минералды қорларды және металды барлау, өндіру және өңдеу бойынша коммерциялық немесе мемлекеттік ұйымдарда жоғары кәсіби еңбек сіңірген және практикалық жұмыста үлкен тәжірибесі бар тау ісінің/геология саласының/металлургияның кәсіби-практигі. Бұл номинацияның үміткерлері ұйымдардың тарапынан, сонымен қатар өзін өзі ұсыну арқылы ұсыныла алады.
Бағалау критерийлері:
1. Мамандығы бойынша кемінде 3 жыл жұмыс өтілі, өмірбаяны.2. Жұмыста инновациялық және жоғары технологиялық әдістерді қолдану.
3. Ағымдағы жылдың өндірістік жетістіктері мен көрсеткіштері.
4. Ұжымның қоғамдық өміріне қатысу.
5. Кандидаттың жеке жетістіктері.
Максималды балл: 100 ұпай (көрсетілген критерийлердің әрқайсысы үшін 20 ұпайдан)
Байқауға қатысу үшін материалдар:
• Жұмыс тәжірибесі, біліктілігі, байланыс ақпараты көрсетілген түйіндеме.• Үміткердің өткен жыл ішінде жүзеге асырған және әзірлеген ең табысты жобаларының сипаттамасы, ұжымның қоғамдық өміріне қатысуы, кадр бөлімінен үміткердің жеке жетістіктері көрсетілген мінездеме.
• Электронды форматтағы іскерлік стильдегі фото.
Қатысуға шақырылады:
Жобалау институттары, ғылыми-зерттеу институттары, автоматтандыру, IT, Big Data, Интернет нәрселер (IoT), 4.0.Индустриясы салаларында озық технологияларды, digital-шешімдердері қолданушы/енгізуші компаниялар мен кәсіпорындар.
Бағалау критерийлері:
1. ROIC (Инвестицияланған капиталдың рентабельдік коэффициенті), енгізу мерзімі.2. Шешіммен қамтылған үрдістің ауқымы. Функционалдың толықтығы.
3. Еңбек нарығының трансформациясы және кадрлардың қажетті құзыреттерді игеруі және қатысуы бойынша ынтыландыру жүйесін құру.
4. ҒЗРКЖ жүйесінің болуы және оның сипаттамасы: өнертабыс саны, тиімді ұсыныстар және енгізілген инновациялық сандық технологиялар саны.
5. Жоғары зияткерлік технологиялардың қолданылуы (AI, AR және т.б.)
6. «Бұлттық» шешім дәрежесі. Басқа вендорлар мен интеграторладың салалық басқа шешімдерімен бірлесуге деген ашықтық. Баптаудағы икемділік.
7. Ақпараттық қауіпсіздік (бизнестің ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін технологияларды қолдану)
8. Енгізу мерзімдері
9. Отандық жеткізуші. Шешімдегі импортты алмастыру үлесі
10. Тапсырыс берушілердің/ жұмысшылардың пікірлері
* Жұмыстар презентация/баяндама/ есеп түрінде және келесі мазмұнда қабылданады:
1. Жоба тұжырымдамасы:• Жоба атқарушы-компанияның сипаттамасы,
• Жобаның негізгі көсеткіштері, уақыты, географиясы және мерзімі
• Жобаның экономикалық және әлеуметтік нәтижелері;
2. Жобаны жүзеге асыру барысында қолданылған технологиялардың, өндірістік әдістердің сипаттамасы;
3. Жоба тапсырыс берушісінің, серіктестердің, клиенттердің және т.б. ұсынымдары және пікірлері.
4. Жобаның бюджеті (жоба атқарушысының қалауы бойынша).
*Ұсынылған материалдар үшінші тұлғаларға берілмейді және тек қана дауыс беру кезеңінде қарастырылу үшін қолданылады (ақпараттың құпиялылығы туралы келісім қолданылады).
Барлық материалдарға компанияның бас бухгалтері қол қойып, мөр басылуға тиіс.